Қазақстанда 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жыл басынан бері 213 микроқаржы ұйымы (МҚҰ) 21,3 млрд теңге көлемінде бөлінбеген пайда алды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің соңындағы көрсеткіштен 2,88 есе көп. Өткен жылы бұл көрсеткіш 7,4 млрд теңгеге бекітілген болатын. Сондай-ақ, бір жыл ішінде микроқаржы ұйымдары 10-ға көбейсе, өткен жылы олардың саны 203-ке жетті. Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында хабарлады.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МҚҰ активтерінің жалпы көлемі 574,2 млрд теңгеге жетті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға артық. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде активтер 397,8 млрд теңгені (екі МҚҰ қоспағанда) құрады.
Берілген шағын несиелер (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) 316,1 млрд. теңгеден 46,7%-ға, сондай-ақ екі МҚҰ-ны есептемегенде 463,8 млрд. теңгеге дейін өсті.
Жалпы міндеттемелер 284,5 млрд теңгеден 392 млрд теңгеге дейін 37,8%-ға өсті. Меншікті капитал 113,3 млрд теңгеден 182,2 млрд теңгеге дейін 60,8%-ға өсті.
Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/finansy/2021-06/pochti-v-tri-raza-vyrosla-pribyl-mfo-v-kazakhstane